Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлытау ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 22:11

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбектің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ұлытау аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Советбек Медебаев Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны активке 2 наурызда өңір басшысының орынбасары Абзал Нүкенов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Советбек Медебаев 1965 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай ауылында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар. Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша және Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Жезқазған облыстық халыққа тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының Жезқазған учаскесінде шебер болып бастады, Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеді.





Жезқазған облыстық тұтынушылар қоғамы одағының аға маманы, күрделі құрылыс, көлік және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болды.

1995 жылдан мемлекеттік қызметте. Жезқазған қалалық әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы және аппарат басшысы болды. Одан кейін Жезқазған қаласы әкімінің аппаратын басқарды.

2003 жылы Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2008-2011 жылдары - Сәтбаев қаласының әкімі.

Сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы« ЖШС (Жезқазған қ.) кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болды.


Жоғары қарай