Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір жаңа штамы табылды

2021 жылдың 16 ақпан 2021 12:53

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың тағы бір алаңдаушылық тудыратын нұсқасы Ұлыбританиядан табылған. B1525 деп аталатын нұсқа 10 елде, соның ішінде Дания, АҚШ және Аустралияда геномды тізбектеу арқылы анықталды. Эдинбург университеті зерттеушілерінің айтуынша, Ұлыбританияда осы уақытқа дейін 32 жағдай табылған. Короновирустың бұл нұсқасын анықтау процесі алғаш рет желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигерияда жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Eminetra басылымына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл нұсқа өзінің геномындағы В117 кент нұсқасына ұқсас және көптеген алаңдаушылық тудыратын мутацияларды, соның ішінде E484K ақуыз мутациясын қамтиды.

Бұл E484K ақуыз мутациясы Оңтүстік Африка мен Бразилияда пайда болған вирус штамдарында кездеседі және вирустың организмде пайда болған бейтараптандыратын антиденелерден аулақ болуына көмектеседі деп саналады.

Рединг университетінің жасушалық микробиология кафедрасының доценті Доктор Саймон Кларк (Dr. Simon Clark) коронавирус инфекциясының пайда болу мүмкіндігіне немесе аурудың ауырлығына қанша мутация әсер ететіні белгісіз екенін айтты.

E484K мутациясының кейбірі бірқатар вакциналарға төзімді.

Кларк алаңдаушылық тудыратын нұсқаларды анықтау үшін коронавирусты тестілеу санын көбейту керек деді.


Жоғары қарай