Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған алғашқы екі жағдай расталды

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған алғашқы екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды ВВС ұлттық денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ауру жұқтырғандар – бір отбасы мүшелері.

Британдық билік әзірге дертке шалдыққандар туралы және оларға қандай көмек көрсетіп жатқаны жайлы толық ақпарат берген жоқ.

«Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бұған өте жақсы дайындалған және жұқпалы аурулармен күресуге қабілетті», - деді Англияның медицина қызметінің басшысы Крис Уитти. «Қазір біз инфекцияның таралуын алдын алу үшін пациенттердің кіммен байланыста болғанын барынша жылдам анықтау үшін жұмыс істеудеміз».

Коронавирустың өршуінен 213 адам көз жұмды, олардың көпшілігі - Қытайдың Хубэй провинциясында. Қытайда ауырғандар саны 10 мыңға жуық. 18 елде 98 ауру жұқтыру жағдайы тіркелген.


Басты сөздер: Еуропа, Оқиға, Коронавирус,
Жоғары қарай