Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританияда карантин талабын бұзған адамға 10 мың фунт айыппұл салынбақ

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 01:32

ЛОНДОН. EURONEWS–ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі коронавирус инфекциясы кезінде қойылған шектеулерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлды көтерді. Бірінші рет талап бұзғанға 1000 фунт, қайталанса 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтемемен.

Бұл соманы өзінен КВИ анықтала тұра, бірнеше мәрте карантин талабын бұзған адам төлеуі мүмкін. Британ дәрігерлерінің мәліметінше, елде талап бойынша өзін оқшаулауы тиіс адамдардың тек 20 пайыздайы ғана тәртіпке бағынып отыр.

Көлемді айыппұл салуды билік елде ауқымды локдаунды қайта болдырмау жолы ретінде қарастырып отыр. Талаптың қатаңдатылуына британ қоғамы ылғи да келісе кетпейді. Осылайша сенбі күні Лондондағы Трафальгар алаңында бірнеше жүз адам митинг өткізді. Манифестация полициямен қақтығыспен аяқталды. 30 адам ұсталған.


Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай