Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританияда бір тәулікте 900-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 31 шілде 2020 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англия Еуропа елдерінің ішінде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Ұлыбританияда бейсенбі күні коронавирустың расталған 846 оқиғасы тіркелді. Бұл бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Елде дерттен сол күні 38 адам көз жұмып, барлығы 45999 адамға жетті.

Осы жағдайға байланысты британ билігі коронавирус белгілері бар адамдарды оқшаулау мерзімін 10 күнге дейін ұзартты.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Коронавирус,
Жоғары қарай