Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді

2021 жылдың 15 маусым 2021 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон өткен жылдың наурыз айында Сovid-19 пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеулерді жеңілдету шараларын бір айға шегерді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Барлық шектеулер 21 маусымда алынада деп жоспарланған болатын. Алайда үкімет Ұлыбританияда коронавирустың үнді штаммының таралуына байланысты «тағы біршама уақыт күткен дұрыс» деп санайды. Енді шектеулер 19 шілдеде жеңілдетіледі деп күтілуде. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 19 шілдеге дейін елдің барлық ересек тұрғындары вакцинаның алғашқы дозасын алады деп жоспарланған.
Филиппиндегі Манила медициналық жоғары оқу орындарының студенттері елдегі коронавирустық инфекциялардың кезекті толқынына қарамастан күндізгі оқуға оралды. Оқу орнына оралмас бұрын студенттердің барлығы вакцинациядан өткен болатын. Алайда олар үшін аудиторияларда бетпердені кию талабы алынған жоқ. Сондай-ақ, студенттерге университет аумағынан кетуге тыйым салынады. Оқытушылар осылайша білім алушыларға тәжірибелік тұрғыда дағдыландырмақ. Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен күресу үшін мүмкіндігінше көп маманы дайындағысы келеді. Айта кетейік, өткен тәулікте Филиппинде Сovid-19-ды жұқтырудың 6,5 мыңға жуық оқиғасы тіркелді. Ал пандемия басынан індетке шалдыққандардың жалпы саны миллионнан асты.
Таллинде бір рет қолданылатын маскаларды жоюға арналған 100 Mabin контейнері орнатылады. Қала әкімшілігінде атап өткендей, тиісті келісім Нyperon OU компаниясымен жасалған.
Контейнерлер вакцинация орталықтарының, медициналық, спорттық және мәдени мекемелердің, музейлердің, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жанына қойылмақ. Күзде контейнерлер мектептердің жанында пайда болады деп жоспарлануда.
Жиналған қорғаныс маскалары қайта өңдеуге жіберілмек. Олар пластикалық өнімдерге шикізат бола алады.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай