Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлыбритания жағалауында жеті адам танкерді басып алды

2020 жылдың 26 қазан 2020 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның оңтүстік жағалауындағы Уайт аралында тұрған «Наве Андромеда» танкерінің бортында экипаж қауіпсіздігіне қауіп төндірген жеті адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде кеменің британдық жағалаудан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан кезде, таңғы сағат 10-да экипаж қауіп туралы дабыл бергені белгілі болған. Жағалаудағы қызмет бұл туралы ақпаратты полицияға берген, ал полиция өз кезегінде Ұлыбританияның қорғаныс министрлігін ақпараттандырды.

Оқиға кемені басып алу әрекеті болып саналған, елдің қорғаныс министрлігі бұл шараға Британияның SAS арнайы десанттық қызметін тартуды санкциялады. Алты тікұшақ қатысқан құтқару операциясы небәрі тоғыз минутқа созылды.

Кеменің ең маңызды бөлімдері орналасқан жерге жасырынып үлгерген экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай