Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлы Жібек жолы жаһандық сыйлығы тағайындалмақ

2020 жылдың 19 қараша 2020 23:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – G-Global аясында алдағы уақытта Ұлы Жібек жолы жаһандық сыйлығы беріледі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық клубтың президенті, «G-Global. XXI ғасырдағы әлем» Халықаралық конгресінің халықаралық хатшылығының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бастама 2019 жылы 40 мемлекеттің көшбасшылары қатысқан Халықаралық форумда қолдау тапты. Сол себепті кешегі қалалар мэрлерінің форумында Ұлы Жібек жолы Жаһандық сыйлығын бекіту жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру бастамасын көтердік. Қала мэрлерінің келесі халықаралық форумына дейін жаһандық сыйлықты табыстау шарасын ұйымдастыру жолында белсенді жұмыс жүргізуге шақырамыз. Ол форум 2021 жылы Бейжіңде өтеді», - деді Мұрат Қарымсақов.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global ақпараттық-коммуникациялық платформасы әлем халықтарының бірыңғай және тең дәрежелі диалогы арқылы әлемдік бірлестіктердің жұмысының тиімді болуына жайлы жағдай жасайды, әртүрлі зерттеу жүргізеді. Форум жұмысына ғалымдар мен практиктердің, мемлекеттік, қоғамдық, халықаралық, ақпараттық саланың өкілдері тартылған.


Жоғары қарай