Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық істер бойынша орынбасары болып генерал-майор Әлібек Сералиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары рангтағы офицерді Ұлттық ұланның жеке құрамына Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Министр Әлібек Болатұлы құқық қорғау саласындағы басқарушылық бөлікте үлкен тәжірибеге ие екенін, өз ісін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Әлібек Болатұлы Сералиев 1961 жылы дүниеге келген. Ленинградтағы СССР ІІМ жоғары саяси училищесін және Қарағанды қаласындағы ҚР ІІМ мектебін, Беларусь Республикасының Әскери академиясының Бас штабының факультетін бітірген. Саяси лауазымдарда болған.

2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін ҚР ІІМ Ішкі әскер қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдың мамырынан бастап Ұлттық ұланның «Оңтүстік» және «Батыс» қолбасшылығын басқарған.





Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Тағайындау,
Жоғары қарай