Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық тізілімде 634 стандарттық үлгі тіркелген – Бақыт Сұлтанов

2021 жылдың 24 қараша 2021 11:39

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы Келісімнің ратификациялануы Қазақстанда әзірленген стандарттық үлгілерді Келісімге қатысушы елдерде қосымша сынақ рәсімдерін жүргізусіз тануға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстан Республикасында стандарттық үлгі өндіріліп, сынақтардан және үлгінің типін бекітуден өтсе, Келісімге қатысушы басқа елдер қосымша сынақтарсыз техникалық құжаттаманың сараптама нәтижелерін мойындайды», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Осылайша, мемлекетаралық мәртебесі бар қаралып отырған Келісімнің ратификациялануы, метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекетаралық стандарттық үлгілер экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие және кеңінен қолданылады.

«Ұлттық тізілімде 634 стандарттық үлгі тіркелген. Оның ішінде 337-сі мемлекетаралық стандарттық үлгілер Тізіліміне енгізілген. Ағымдағы жылы, біздің Стандарттау және метрология институты 163 стандарттық үлгілерді әзірлеп, олардың мемлекетаралық стандарттық үлгілер тізіліміне енгізілгенін атап еткім келеді», - деді министр.

«Осы Келісімнің ратификациялауы Келісімге қатысушы елдер арасындағы техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтемін. Бұл Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болуына жағдай жасайды, бұл стандарттық үлгілер экспортының дамуына қолайлы әсер етеді. Бизнес үшін бұл - қаржылық әл-ауқаттың арттыруына жаңа жағдайлар жасайды, әкімшілік жүктемелерді қысқартады және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді», - деді Б. Сұлтанов.


Жоғары қарай