Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық санақты жүргізетін интервьюерді қалай тануға болады

2021 жылдың 10 маусым 2021 04:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы Ұлттық санақты жүргізу жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты, коммуникабельді, компьютерде жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары үміткер болады. Интервьюердің міндетіне еліміздің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын жаппай аралау кіреді. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюрерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың атрибуттары беріледі.

«Куәлікте интервьюердің фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты, куәліктің берілген уақыты мен жарамды мерзімі, сондай-ақ, аумақтық статистика бөлімшесінің қолы мен мөрі болады. Барлық интервьюерде халық санағының белгісі бар көк түсті мойынорағыш пен портфель болуы тиіс», - дейді Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!».


Басты сөздер: Халық санағы,
Жоғары қарай