Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұлттық парктерді дамыту кеңесі құрылады

2020 жылдың 10 маусым 2020 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Ұлттық парктерді дамыту кеңесі құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде ұлттық парктердің аумағы ұзақ мерзімге беріледі екен деген сыңайда ақпарат тарап кетті. Ұлттық парктердің тағдырына алаңдаушылық білдірген азаматтардың бәріне де рахмет. Біздің министрлік ашық диалогқа қашан да дайын. Менің орынбасарым осымен екі апта бойы эко-белсенділермен кездесіп, туындаған мәселені талқылап жатыр», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев өзінің бастамасымен Ұлттық парктерді дамыту кеңесі құрылатынын жеткізді. Оның құрамына аталмыш саланың сарапшылары, министрліктің өкілдері мен эко-белсенділер кіреді.

«Кеңес инвестордың міндеттемесінің орындауын бақылап, ұлттық парктерді дамыту жоспарына атсалыса алады. Халықпен бірге ортақ мәмілеге келіп, ұлттық парктердегі экологиялық туризмді дамыта аларымызға сенімдімін», - деді ол.


Жоғары қарай