Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық музейде Абай бейнесі стрит-арт стилінде салынды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, Ұлттық музей алаңында ақынның бейнесі стрит-арт стилінде салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 шаршы метр болатын жаңа суретті музей қабырғасында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, республикалық және халықаралық байқау жеңімпаздары Райымбек Сәкенов пен Айдос Шекер салған.





«Ұзақ пандемиядан кейін біздің музейіміз қайда жанданды. Соның бір көрінісі – бүгін ашық алаңдағы ұйымдастырылған стрит-арт перфомансына жиналып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, биыл ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Оның қалдырған мұрасын насихаттауда барлық құралдарды пайдаланғымыз келеді. Соның бірі – қалалық өнер, яғни стрит-арт.

Сондықтан, Абайдың мұрасын тек қана көрме алаңдарында емес, музейден тысқары жерде де насихаттау жастарға оның мұрасын оқып-білуге қызығушылық тудырарына сеніміміз мол. Жалпы стрит-арт өнері әлемде, елімізде бар дүние. Бірақ біз Ұлттық музейдің сыртқы алаңын алғаш рет пайдаланып отырмыз және алғашқысын Абайға арнап отырмыз», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Айбар Қасеналин Ұлттық музейде өткен тұсаукесерде.

Өз кезегінде суретшілер муралды салуға бір күн жеткілікті екенін айтты. Олар Абайдың жан дүниесін, ішкі толғаныстарын көрсету үшін қою қанық түстерді көбірек қолданған.





«Мен Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелеріндегі 50-ден астам нысанда сурет салдым. Стрит-арт өнер түрі ретінде АҚШ-та пайда болды, содан кейін Еуропада дамыды. Соңғы кездері біздің елде де, әсіресе Нұр-СҰлтан, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларда кеңінен тарап келеді. Соңғы 5 жылда түрлі мурал-фестивальдер ұйымдастырылады. Бүгінгі Абай бейнесі Ұлттық музей қабырғасына 13,5 шаршы метр аумаққа (4,5*3) салынады. Бұл – Ұлттық музей мен суретшілердің ортақ бастамасы. Шамамен 9-10 сағатта салып бітіреміз», - деді суретші.








Жоғары қарай