Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық құрамалар жаттығуларына қайта кіріседі

2020 жылдың 14 тамыз 2020 13:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 тамыздан бастап елімізде ұлттық құрамалар мен спорттық клуб командаларына жаттығуға қайта кірісуге рұқсат етіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындарға спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Бұл – жеке спорт түрлері, ашық аспан астында топтық жаттығулар. Жаттығу жасайтындар саны 5 адамнан аспауы керек және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті», - деді А.Есмағамбетова.

Сондай-ақ, ол ұлттық құрамалардың жаттығуына рұқсат берілетіні туралы айтты.

«Бұған қоса, біз спорттық базаларда 30 адамнан аспайтын жағдайда және ұлттық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталатын болса, ұлттық құрама командаларға, спорттық клубы командаларына спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат бердік. Халық үшін бір отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан көп жүруге рұқсат етілмейді. Саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, яғни ашық аспан астындағы барлық нысандарға баруға болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек», - дейді ол.


Жоғары қарай