Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық корпоративтік басқару кодексі дайындалады

2021 жылдың 23 ақпан 2021 10:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, биыл Ұлттық корпоративтік басқару кодексі дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компаниялардың қор нарығына шығуы үшін компаниялардың ашықтығы мен корпоративтік басқару сапасын арттыру жүйелік шара болып табылады. Осы мақсатта Үкіметпен бірлесіп биыл Ұлттық корпоративтік басқару кодексі дайындалады», - деді Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысында Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімді талқылау барысында.

Оның айтуынша сақтандыру нарығын дамыту үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтандыруды субсидиялау бойынша заңнамалық шаралар топтама қабылданады. Сонымен бірге «жалпы сақтандыру» саласының жекелеген операцияларын КЖТТҚ (Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл) режимінен шығару жоспарланып отыр.


Жоғары қарай