Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамырда өтеді

2020 жылдың 21 мамыр 2020 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, оған түрлі өңірлер қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады» деп жазады Ерлан Қарин.

Ақпан айынан бері Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қарастырып келеді. Оның барлығы алдағы отырыс барысында талқыланады.


Басты сөздер: Ұлттық кеңес, Қоғам,
Жоғары қарай