Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаров, «ADAL» партиясы саяси кеңесінің мүшесі - хатшысы Эльдар Жұмағазиев, StopFake.kz жобасының жетекшісі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов, Ақтөбе қаласындағы «Тандем» телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесинова тартылды», делінген хабарламада.

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Қожахметов, Ш.Мұқан және Е.Тұрсынов шығарылды.

«Ұлттық кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру шеңберінде 10 заң қабылданды және тағы 7 заң қарастырылуда.

Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы ақпан айында өтетінін мәлім еткен еді.


Басты сөздер: Ұлттық кеңес,
Жоғары қарай