Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Ұлттық киноны қолдау меморталығының басшысы тергеуге алынды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы тергеуге алынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызмет) актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деді ол агенттік алаңында өткен онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

«Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Данияр Биғайдаров.


Жоғары қарай