Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 15:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

А. Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді. 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылғы шілдеден бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. 2020 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.




Жоғары қарай