Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 11:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес Ұлттық Банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Бұл Комитет Ұлттық Банктің Басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.

«Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу кіреді. Сондай-ақ, Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді. Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады. Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады», - деді Ұлттық банктен.


Жоғары қарай