Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты интервенция арқылы реттейді – Ерболат Досаев

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 09:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу үшін валюталық интервенция жасалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы кеше валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпей орнықты экономикалық өсудің мүмкін еместігін атап өтті.

Бүгін Қазақстан қор биржасының валюта алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу қалпына келтірілуде», - деген Ұлттық банк басшысы инфляцияның теңгеге деген қысымын бәсеңдету үшін қандай шара қабылданып жатқанын айтты.

«Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында Ұлттық банк қажетіне қарай валюталық интервенциялар жүргізу арқылы валюта нарығындағы баллансты қамтамасыз етеді.

Жоғарыда көрсетілген шаралар топтамасын табысты іске асыру нарықтың ішкі және сыртқы қатысушыларының тарапынан ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс», -деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай