Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк теңге бағамына әсер ететін факторды түсіндірді

2020 жылдың 3 тамыз 2020 23:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуал мен негізгі тенденциялар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық нәтижесінде ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 420 теңгені құрады. Биржадағы көлемі - 160 млн доллар. Нұржан Тұрсынханов теңге динамикасының өзгеру себептері мен валюта бағамына әсер ететін факторлар туралы айтты.

«Жалпыдан бастайық. Ұлттық валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ең алдымен, мұнай бағасы. Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70% -дан астамын құрады және олардың бағасы әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты төмендеді. Нәтижесінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы ағымдағы жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жағдайды талдап көрейік. Биржадағы көлемдер елдегі Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні жұмыс істемегендіктен өсті. Ал, әлемдік қаржы нарықтары өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, бүгін, дүйсенбіде биржадағы банктер әдеттегіден көбірек сатып алды. Кейінге қалдырылған сұраныс та бар. Алайда, 160 млн доллар - бұл рекордтық сома емес «, - деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бергі статистикаға бойынша, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын атап өтті. Бұл көрсеткіш 80 млн 170 млн долларға дейін болуы мүмкін. Сондықтан Ұлттық банк қазіргі көлемді күтпеген жағдай деп көрмейді.

Сондай-ақ, Нұржан Тұрсынханов биржадағы теңге құнының әлсіреуінің негізгі себептері туралы айтып берді.

«Мен валюталардың әлсіреуі дамушы елдердің нарықтарындағы жалпы тенденция екенін атап өткім келеді. Мәселен, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары біздің ұлттық валютадан гөрі қатты әлсіреді, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%. Мұнай бағасынан басқа, теңге ішкі факторларға, сондай-ақ рубль динамикасына оң немесе теріс әсер етеді. Жалпы қаржы нарығы аясында ресей рублі теңгенің айырбас бағамының өзгеру факторларының бірі болып табылады, бірақ ол негізгі емес «, - деді Нұржан Тұрсынханов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай