Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк инфляцияны бақылау шаралары кешенін қабылдайды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 09:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында инфляцияны 2025 жылы 3-4% орта мерзімді таргетке дейін төмендету міндетін іске асыру туралы жоспарын бөлісті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Ұлттық Банк негізгі үш бағыт бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Бірінші, инфляцияны 2025 жылы 3-4% орта мерзімді таргетке дейін төмендету.

Бұған дейін 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп жылдық инфляцияны 8,4%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берген инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін іске асыру басталды», - деген Ұлттық банк басшысы аталған шаралардың 2025 жылғы межеге жету үшін жеткіліксіз екенін атады.

«Бұл ретте аталған деңгей жоғары деңгейге жатады және ақша-кредит саясатының тиімділігін шектейді деп есептеймін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді ескере отырып, бағаның өсуімен күресуге бағытталған, 2022 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады», -деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай