Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру себебін түсіндірді

2021 жылдың 26 шілде 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мөлшерлемені көтерудегі басты себеп - инфляцияның өсуіне жол бермеу. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

«Ұлттық банктің негізгі міндеті – елдегі баға тұрақтылығын сақтау және біздің басты құралымыз – базалық мөлшерлеме. Оны көтеру – маусым айында 7,9% рекордтық көрсеткішке жеткен қазіргі инфляцияның қарқын алуына орай қабылданған қисынды жауап болды дер едім және инфляцияны 2022 жылы 4-6%-дық мақсатты диапазонға дейін төмендету қажеттілігі болды», - деді А. Баймағамбетов сұхбат бере отырып.

Оның айтуынша, инфляцияның өсуі - жергілікті құбылыс емес және соңғы айларда аса жоғары инфляцияның ықпалы бүкіл әлем бойынша сезілді.

«Қазақстандағы инфляцияның өсуі уақытша, сондай-ақ орнықты ішкі және сыртқы факторлардың теріс ықпалынан туындады. Осы жағдайда Ұлттық банк инфляциялық қысымды төмендету үшін базалық мөлшерлемені көтерді. Ақша-кредит саясаты саласында шешім қабылдау кезінде инфляцияның қалыптасу перспективаларын басшылыққа алатынымызды және оның 2022 жылы мақсатты дәлізге оралуын күтетінімізді айтқым келеді», - дейді ол.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалауға болады.


Жоғары қарай