Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ұлттық банк Алматыдан елордаға көшті

2020 жылдың 29 маусым 2020 09:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы - Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.


Жоғары қарай