Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлтаралық бірлік тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шешуші рөл атқарды - Президент

2021 жылдың 21 қазан 2021 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ұлтаралық тұтастықтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қандай маңзды рөл атқарғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі этникалық топтардың мүдделерін қорғауға бағытталған деген пікірді жиі естуге болады. Бұл біздің еліміз үшін оның үлкен маңыздылығын өте қарапайым бір өлшемде түсіну дер едім. Іс жүзінде ассамблея ұлт бірлігін нығайтудың пәрменді құралы болып, барлық азаматтарды ортақ мемлекеттілік идеяның айналасына топтастыра алды. Оны құрудың арқасында этникалық мәселені саясиландырудың алдын алатын тиімді тетік пайда болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президент тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанды этносаралық қақтығыстар күтіп тұрғаны туралы болжамдар көп болғанын еске алды.

«Егемендік таңында көптеген саясаткерлер мен саясаттанушылар біздің мемлекетті бұл тұрғыда қиындықтар күтіп тұрғанын болжаған еді. Көптеген қарапайым адамдар, тіпті сарапшылар үшін олардың болжамдары, әсіресе, бұрынғы Кеңес Одағының кең даласында болған этносаралық қақтығыстар аясында. орынды болып көрінді. Алайда, бәріміз бірге, Қазақстанның біртұтас халқы бола отырып, пессимистік болжамдардың дәрменсіздігін дәлелдей алдық. Бұл ретте жалпыұлттық ынтымақтастықтың институты және халық бірлігінің символына айналған ҚХА үлкен рөл атқарды», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай