Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Үлкен жиырмалық» корпорацияларға салынатын бірыңғай салықты бекітті

2021 жылдың 31 қазан 2021 14:25

РИМ. ҚазАқпарат – «Үлкен жиырмалық» елдерінің үкімет басшылары мен көшбасшылары салық салудың жалпы ережелерін келісті. Римдегі саммитке қатысушылар жобаны қолдады, бұл, атап айтқанда, корпорациялардың кірісіне ең аз 15% жаһандық салық енгізуді көздейді. Вашингтон бұл салық жеңілдіктерінің жарысын тоқтатуы керек дейді, деп хабарлайды ҚаАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Форумның тағы бір ауқымды тақырыбы - пандемиямен күрес болды. Саммиттің ашылуында вакцинаны әлемнің аз қамтамасыз етілген елдеріне көбірек беруге үндеу жасалды.

«Біз ДДСҰ-ның 2021 жылдың соңына қарай әлем халқының 40%-ын вакциналау мақсатына қол жеткізуге жақын қалдық. Енді біз аталған көрсеткішті 2022жылдың ортасына қарай 70%-ға жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деді Италияның премьер-министрі Марио Драги.

Қытай мен Ресей басшылары Си Цзиньпин мен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы әлемдік қауымдастықты COVID-19-ға қарсы түрлі вакциналарды өзара тануға келісуге шақырды.

Путиннің мәлімдемесі «Спутник V» препаратын ДДСҰ-да және Еуропалық дәрілік заттар агенттігінде тіркеу туралы мәселені ұзақ қарау аясында айтылды.

Ақпарат агенттіктері климат бойынша келіссөз айтарлықтай қиын болғанын атап өтті.

Қорытынды құжатта, алдын ала деректер бойынша, Жердегі орташа жылдық температураның 1,5 градустан артық көтерілуіне жол бермеу туралы жалпы ұсыныстар болады.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай