Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үлестік құрылыстағы алаяқтық: Қазақстандықтар 3 млрд теңге шығынға ұшыраған

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда үлестік құрылыстағы алаяқтық бойынша 27 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған қылмыстық істер бойынша зардап шеккен 305 адамды анықтадық. Олар 3 миллиард 200 миллион теңгеден астам сомаға материалдық шығынға ұшыраған», - деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов министрлік ұйымдастырған онлайн брифингте.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы «Шығыс» тұрғын үй кешенін салушыға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстық іс бойынша 24 жәбірленуші анықталған. Алын ала болжам бойынша шығын көлемі 184 миллион 900 мың теңгені құраған.

«Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында Expo New Life тұрғын үй кешені үлескерлерінің өтінішімен «Шанг Хи Груп» ЖШС-на қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша біз екі эпизодты тіркедік, келген залал сомасы 2 миллиард теңгеден асты. Маңғыстау облысында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің құрылысы жөнінде қылмыстық іс тергелуде. Мұнда 21 үлескер жәбірленуші болып танылды, 252 миллион теңгеден астам залал келген», - деді С. Әділов.

Үлестік құрылыс бойынша барлық қылмыстық істер Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Ол үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылған.


Жоғары қарай