Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұланбатырдан Алматыға тікелей рейс ашу ұсынылды

2021 жылдың 12 қазан 2021 17:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында моңғол авиакомпаниясының директоры Ұланбатырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынып, тікелей рейсті ашу перспективалары талқыланды.

Оның айтуынша, Ұланбатырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Әкім, Көлік, Алматы,
Жоғары қарай