Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұланбатыр мен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылды

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 18:24

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат – Алматы қаласынан Моңғолия астанасына тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты.

Елші өз сөзінде Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда өткен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген осы бағыт бойынша әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толық орындалғанын атап өтті.




Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Бүгін «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы «Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр» бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. Covid-19 салдарынан туындаған әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты жиілігі белгіленеді.


Жоғары қарай