Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Украинаны азат етуге қатыстан қазақстандық майдангердің сүйегі елге жеткізілді

2021 жылдың 1 қараша 2021 00:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Украинаны азат ету жолында күрескен қазақстандық жауынгердің денесі елге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соғыстан қаза тапқан отандасымыздың сүйегін туған жерге әкелуге ұйытқы болған еліміздің Қорғаныс министрлігі. Жауынгер Өксікбай Базарбаевтың сүйегі Қазақстанға жеткізілгені туралы да аталған ведомство хабарлады.

«Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде шейіт болған гвардия лейтенанты Өксікбай Базарбаевтың сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Офицер атқыштар взводының командирі болып, Укранинаны азат ету жолында қаза тапқан. 76 жыл өткен соң жауынгердің сүйегі әскери рәсімді сақтай отырып туған жерінде қайта жерленеді», - деп айтылды министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, брифингте еліміздегі резервтегі әскери қызмет шарасы сөз болды.

Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі, подполковник Бейбіт Сүлейменов аталған әскери шараның не үшін ұйымдастырылатынын айтып берді.

Одан бөлек, министрлік өкілі Қазақстанда резервтегі әскери қызметкерлерге жалақы төлене ме деген сұраққа жауап берді.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Әскер, Украина, Жеңіс күні,
Жоғары қарай