Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 09:19

КИЕВ. УКРИНФОРМ - ҚазАқпарат – Украинаның Министрлер кабинеті коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ел аумағындағы карантинді 22 маусымға дейін ұзарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды біртіндеп жұмсарту туралы қаулыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті № 392 қаулы 20 мамыр күні қабылданған.

Құжатта коронавирусты болдырмау үшін «бүкіл Украина аумағында 2020 жылдың 11 наурызында Украина Министрлер кабинетінің № 211 қаулысымен жарияланған карантинді ұзартып» 22 мамырдан бастап 22 маусымға дейін ұзарту қарастырылған.


Басты сөздер: Украина, Коронавирус,
Жоғары қарай