Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Украинада бірінші рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

2020 жылдың 13 наурыз 2020 21:48

КИЕВ. Укринформ - ҚазАқпарат -Украинада коронавирустан бірінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинадағы Житомир облысының тұрғыны, 71 жастағы әйел қайтыс болған. Ол 12 наурыз күні аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын. Қазіргі уақытта кейуанамен күнделікті қарым-қатынаста болған туыс-туғандары, жақындары дәрігерлердің бақылауына алынған.

Бұл жайында Украина денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында мәлім еткен.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Коронавирус, Украина, Әлем,
Жоғары қарай