Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкіметтің жұмысынан шалғайдағы әр ауылдың тұрғындары хабардар болуы керек – Яков Федоров

2020 жылдың 24 шілде 2020 14:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметтің дағдарысқа қарсы істеп жатқан жобалары мен пандемиямен күрес шараларынан аймақтағы тұрғындардың көбі бейхабар. Блогер Яков Федоров Nur Otan партиясы жақтастарының Zoom конференциясында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған онлайн-конференция «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. « Nur Otan партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт» тақырыбында өтті. Оған Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушы - Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналист Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.

Яков Федоровтың айтуынша, Үкіметтің әрбір қабылдаған шешімінде шынайылық болуы қажет. Олай болмаған жағдайда халық пен билік арасы алыстай бермек.

«Баршамыздың дәл қазіргі мақсатымыз бір, ол – пандемияны жеңіп шығу. Бұл ретте Үкіметтің жұмысы маңызды. Оның қабылдаған әрбір шешімінде шынайылық болуы тиіс. Аймақтағы тұрғындардың көбі Үкімет жұмысынан бейхабар. Себебі ол жақтағы атқарушы билік ақпараттандырудың жаңа әдістерімен жұмыс істемейді», - дейді Я.Федоров.

Ол сондай-ақ, елдегі саяси жүйедегі өзгерістер де күн тәртібіндегі басты мәселе екенін атап өтті.

«Қазіргі басты мәселе – экономика ғана емес, үкімет пен жүйені саяси өзгерту. Осындай уақытта білім беру, өнеркәсіп саласы тоқтамай жұмыс істеуі керек. Ал, үкімет бизнес өкілдеріне қолдауын күшейтуі қажет», - деп ойын түйді блогер.


Жоғары қарай