Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 қаулысына өзгерістер енгізуді қарастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №71, 642-құжат, 2016 ж., № 67, 457-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларынд6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Өтемақы төлеу республикалық бюджеттің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты

Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы

Департамент бастығы;

департамент бастығының орынбасары;

департамент бастығының орынбасары – жедел басқару орталығының бастығы;

дербес басқарманың бастығы;

дербес басқарма бастығының орынбасары; басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;

басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;

бас криминалист; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);

аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші;

Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;

Жедел басқару орталығының аға инспекторы;

барлық атаудағы кезекші аға инспектор; барлық атаудағы кезекші инспектор.

Ескертпе: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бойынша функционалдық міндеттері:

ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;

ведомствоаралық үйлестіруді және профилактиканы;

есірткінің заңды айналымын лицензиялауды және бақылауды іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Жетінші бөліністер және «Р» бөліністері

Облыс, қала бойынша, көліктегі департамент, басқарма (бөлім):

Департамент бастығы;

департамент бастығының орынбасары;

басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;

басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;

кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;

жедел уәкіл;

кіші жедел уәкіл;

кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тіл саясатын;

халықаралық ынтымақтасты;

бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты; құқықтық қамтамасыз етуді;

құжаттамалық қамтамасыз етуді; қаржымен қамтамасыз етуді;

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;

кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.».

«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Жедел басқарма

Бастық;

бастықтың орынбасары;

бөлім бастығы;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Кезекші бөлім

Бастық;

кезекші аға инспектор;

кезекші инспектор;

әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.

Режим, қадағалау және күзет басқармасы

Бастық;

бастықтың орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;

аға инспектор, инспектор.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы

Бастық;

бастықтың орынбасары;

бөлім бастығы;

бас маман;

бас маман – психолог;

аға инспектор;

инспектор, инспектор – психолог.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасы

Бастық;

бастықтың орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл; жедел уәкіл.

Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)

Бастық;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл; жедел уәкіл.

Арнайы есепке алу бөлімі

Бастық;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Медициналық қамтамасыз ету бөлімі бөлім бастығы –дәрігер;

бас маман – дәрігер;

бас маман – мемлекеттік санитарлық дәрігер;

аға инспектор – дәрігер;

инспектор – дәрігер.

Сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімі Бөлім бастығы; бас маман; аға инспектор; инспектор.».

«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) «Сұнқар» арнайы мақсаттағы жасағы Жасақ командирі;

жасақ командирінің орынбасары;

арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;

штаб бастығының орынбасары, әрі кезекші бөлімнің бастығы;

арнайы мақсаттағы бөлімнің құрамындағы бөлімше бастығы;

шабуылшы,

мерген, жару технигі;

автоброньды танк қызметі жөніндегі аға техник, полицей – жүргізуші;

кезекші аға инспектор;

кезекшінің көмекшісі.

Кинологиялық орталық Орталық бастығы;

орталық бастығының орынбасары;

бөлім (бөлімше, қызмет) бастығы;

кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың аға жедел уәкілі;

барлық атаудағы аға инспектор;

кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың жедел уәкілі;

барлық атаудағы инспектор;

жүргізуші полицей;

кезекшінің көмекшісі.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тылдық қамтамасыз етуді;

ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;

штаб жұмысын;

кадрлық қамтамасыз етуді;

техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет бөліністері Мекеме бастығы;

мекеме бастығының орынбасары;

мекеменің басқарма бастығы;

мекеменің басқарма бастығының орынбасары;

полк (батальон, рота, взвод) командирі; полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;

бөлім (бөлімше) бастығы;

кезекші бөлімінің бастығы;

ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

бас маман;

барлық атаудағы аға инспектор;

взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі;

бөлімше командирі;

аға инженер;

барлық атаудағы инспектор;

старшина;

кезекшінің көмекшісі;

барлық атаудағы кіші инспектор;

техник; инженер;

жүргізуші полицей;

барлық атаудағы полицей.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тылдық қамтамасыз етуді (полиция жүргізушілерін қоспағанда);

ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;

кадрлық қамтамасыз етуді;

техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері

Бастық;

бастықтың орынбасары.

Жедел бөлім (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл;

инспектор.

Режимдік бөлім (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор;

аға инженер; инженер; техник;

аға өрт сөндіруші;

қарауыл бастығы;

жүргізуші қызметкер;

барлық атаудағы аға бақылаушы;

барлық атаудағы бақылаушы.

Кезекші бөлім

Колония бастығының кезекші көмекшісі;

колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары;

Бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

қарауыл бастығы;

қарауыл бастығының көмекшісі;

жасақша бастығы;

барлық атаудағы аға бақылаушы;

барлық атаудағы бақылаушы.

Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

ж асақ бастығы (аға тәрбиеші);

тәрбиеші;

барлық атаудағы аға инспектор;

аға инспектор – психолог;

инспектор – психолог;

барлық атаудағы инспектор.

Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

аға инспектор;

инспектор.

Медициналық бөлімше (денсаулық пункті), аурухана

Бастық;

бастықтың орынбасары;

медициналық бөлімше бастығы – дәрігер;

сәби үйінің бастығы – дәрігер;

бөлімше бастығы – дәрігер;

медицина бөлімшесінің бастығы;

барлық атаудағы дәрігерлер;

санитарлық дәрігер;

барлық атаудағы фельдшерлер;

мейіргер.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)

Бастық;

аға инспектор;

инспектор.

Тергеу изоляторлары

Бастық;

бастықтың орынбасары.

Жедел бөлім (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл;

есепке алу жөніндегі аға техник;

есепке алу жөніндегі техник.

Режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық; бастықтың орынбасары;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор;

аға инженер; инженер;

техник;

корпус бойынша басшы;

жүргізуші қызметкер;

барлық атаудағы аға бақылаушы;

барлық атаудағы бақылаушы.

Кезекші қызмет Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;

тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары.

Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

жасақ бастығы (аға тәрбиеші);

барлық атаудағы аға инспектор;

аға инспектор – психолог; инспектор – психолог;

барлық атаудағы инспектор.

Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

бастықтың орынбасары;

инспектор;

есепке алу жөніндегі аға техник;

есепке алу жөніндегі техник.

Медициналық бөлімше (денсаулық пункті) аурухана

Бастық;

бастықтың орынбасары;

сәби үйінің бастығы – дәрігер;

бөлімше бастығы – дәрігер;

медицина бөлімшесінің бастығы;

барлық атаудағы дәрігерлер;

санитарлық дәрігер;

барлық атаудағы фельдшерлер; мейіргер.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)

Бастық;

аға инспектор;

инспектор».

«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі

Бастық; бастықтың орынбасары;

учаскелік полиция инспекторы;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;

патрульдік полиция полицейі.

Криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері Бөлім, бөлімше бастығы;

бөлім бастығының орынбасары; аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.

Кезекші бөлім Кезекші аға инспектор;

кезекшінің көмекшісі.

Уақытша ұстау изоляторы

Бастық;

бастықтың орынбасары;

кезекші полицей;

полицей;

жүргізуші полицей;

айдауыл полицей.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі облыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың,

астананың полиция департаменттері,

Көліктегі полиция департаменттері

Бастық;

бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін);

басқарма (жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығы;

басқарма (жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметіне жетекшілік ететін) бастығының орынбасары.

Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік қызметтері

Басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;

басқарма,

бөлім бастығының орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);

бас криминалист;

аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;

кіші жедел уәкіл,

тергеушінің көмекшісі,

техник-криминалист.

Арнайы бөліністер «Арлан» арнайы мақсаттағы бөліністері Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;

арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;

арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;

кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор; шабуылшы – аға инспектор; жару технигі – аға инспектор;

мерген – аға инспектор;

кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;

шабуылшы – инспектор;

жару технигі – инспектор;

мерген – инспектор; полицей,

жүргізуші полицей.

Арнайы жедел ден қою жасақтары Арнайы жедел ден қою жасағының командирі;

арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;

арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;

арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;

арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;

саптық бөліністің аға инспекторы;

мерген – аға инспектор;

кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспектор;

аға инспектор (суатқыш машинасының);

кезекші – аға инспектор;

арнайы техника жөніндегі аға инженер;

саптық бөліністің инспекторы;

мерген – инспектор;

кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспектор;

инспектор (суатқыш машинасының);

инспектор – психолог (келіссөз жүргізуші);

кезекші – инспектор (оқиға болған орынға шығу үшін);

арнайы техника жөніндегі инженер;

кезекші – полицей; кезекшінің көмекшісі;

жүргізуші полицей.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тылдық қамтамасыз етуді;

ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;

штаб жұмысын;

кадрлық қамтамасыз етуді;

техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Жедел басқару орталығы,

кезекші бөлім,

Полиция департаменті аппараттарындағы Штабтың кезекші бөлімдеріне,

Жедел басқару орталығына басшылық ету жөніндегі бөліністер

Бастық;

бастықтың орынбасары;

басқарма бастығының орынбасары – кезекші бөлім бастығы;

бөлім (бөлімше) бастығы;

бөлім бастығының орынбасары – жедел кезекші;

аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор;

«102» операторы; кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері),

полиция бөлімдері (бөлімшелері) Криминалдық полиция,

есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл,

тергеу,

анықтау,

жедел-криминалистикалық,

экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері Қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;

қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі),

полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге,

жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім,

бөлімше,

полиция бөлімінің бастығы;

қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім,

бөлімше,

полиция бөлімі бастығының орынбасары;

аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);

жедел уәкіл,

тергеуші,

анықтаушы,

криминалист;

кіші жедел уәкіл;

тергеушінің көмекшісі;

техник – криминалист;

жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары; учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);

учаскелік полиция инспекторының көмекшісі.

Жедел басқару орталығы, кезекші бөлім

Бастық;

бастықтың орынбасары;

жедел кезекші;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор;

«102» операторы;

кезекшінің көмекшісі;

техник.

Патрульдік полиция, айдауылдау қызметі, жолаушылар поездарыменбірге жүретін батальон Полк (батальон, рота, взвод)командирі;

полк (батальон, рота, взвод)командирінің орынбасары; взвод командирінің көмекшісі,

әрі бөлімше командирі;

бөлімше командирі;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор;

барлық атаудағы полицей;

кезекші бөлімнің бастығы;

кезекші аға инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);

кезекші инспектор (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);

кезекшінің көмекшісі.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тылдық қамтамасыз етуді;

ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;

жұмысын;

кадрлық қамтамасыз етуді;

техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Уақытша ұстау изоляторлары, арнайы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары Бастық;

бастықтың орынбасары;

аға инспектор; инспектор;

взвод командирі;

бөлімше командирі;

жүргізуші полицей;

полицей;

кезекшінің көмекшісі;

старшина.

Кинологиялық қызмет орталығы

Бастық;

бастықтың орынбасары;

кинологиялық қызметтің бөлімше бастығы;

кинологиялық қызметтің аға инспекторы;

кинолог – аға инспектор;

кинологиялық қызмет инспекторы;

кинолог – инспектор; кезекшіинспектор;

кинологиялық қызметтің кіші инспекторы; кинолог – кішіинспектор;

кішіинспектор;

кезекшінің көмекшісі;

жүргізуші полицей.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері

Бастық;

бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға, медициналық қызметке, сотталғандар еңбегін ұйымдастыруға жетекшілік ететін).

Жедел бөлім (бөлімше, топ)

Бастық;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Кезекші бөлім кезекші аға инспектор;

кезекші инспектор;

әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.

Режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімі (бөлімше, топ)

Бастық;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)

Бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Өзіндік қауіпсіздік тобы Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Медициналық қамтамасыз ету бөлімі

Бастық;

бас маман – дәрігер;

аға инспектор – санитарлық дәрігер;

инспектор – дәрігер.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бөлімшесі, тобы)

Бастық;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.».

2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Қоғам,
Жоғары қарай