Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген

2020 жылдың 8 шілде 2020 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 575 млрд теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған.

«Сондай-ақ, коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінді», - деді Берік Шолпанқұлов.


Жоғары қарай