Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 09:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында жаңа Министрлер кабинетінің құрамына енген лауазым иелері ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет құрылымында өзгерістер бар. Мұхтар Тілеудерді Премьер-Министрдің орыбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкіметтің екі мүшесі жаңадан тағайындалды. Ол Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Олар өздеріне жүктелген маңызды міндетті жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз. Жаңадан тағайындалған министрлерден ант қабылдауын сұраймын», - деді отырысты ашқан Премьер-Министр Асқар Мамин.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пен Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ант берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!» - деді бүгін министр лауазымына алғаш кіріскен ведомство басшылары.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Тағайындау,
Жоғары қарай