Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын

2020 жылдың 24 наурыз 2020 19:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл індет Қазақстанға басқа елдермен салыстырғанда кешірек келді. Бұл бізге коронавируспен күрескен елдердің тәжірибесін зерделеп, тиімді тұсын пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын», - деді министр.

Осы ретте ол елімізде енгізілген төтенше жағдай мен карантин бизнеске теріс әсер етіп, экономикаға үлкен салмақ түсіретінін баса айтты.

«Сондықтан мемлекет өзінің әрбір азаматына қамқорлық көрсетеді. Бизнеске жәрдем береді. Алайда, вирусқа қарсы ең тиімді, ең күшті тәсіл бар. Ол – әр адамның оқшаулануы мен жеке бас тазалығын сақтауы. Сондықтан, өзіміз бен жақындарымыз үшін үйде болайық. Аман болайық!», - деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай