Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Үкімет басшысы: 2025 жылға дейін халықтың цифрлық сауатын 87 пайызға жеткізу керек

2020 жылдың 30 маусым 2020 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес білім бағдарламасын жаңғырту жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық даму министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шаралар кешенін жаңартсын. Байланыс операторларымен бірлесіп, отандық білім ресурстарына шектеусіз қол жеткізу мәселесін пысықтасын. 2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі 87 пайызға жеткізу және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет. Әкімдіктер цифрлық білім алу талаптарына сәйкес заманға сай компьютерлік жабдықтармен, робототехника кабинеттерін мектептерге арналған Steam жаңа ғылыми-техникалық әдіснамасын қосымша сатып алуды қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр сонымен бірге жалпы барлық мемлекеттік орган мен әкімдіктер азаматтардың цифрлық сауатын арттыру шараларды күшейтуі керектігін мәлім етті.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңа «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырған еді.

Отырыста «Цифрлық білім» жобасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырған болатын.


Жоғары қарай