Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» израильдік клубқа есе жіберді

2021 жылдың 19 тамыз 2021 20:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Шахтер» алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шахтер» командасы елордадағы «Астана-арена» стадионында Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездесті.

Ойынның бірінші кезеңінде екі команда бір-бірінің қақпасына шабуыл жасады. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде израильдік клуб алға қарай ұмтылды. Оған қаарғандылық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Есесіне ойынның 73-минутында «Шахтер» ойыншысы Идрис Умаев есеп ашқан еді. Одан кейін 73, 77-минуттарда израильдік Аврам Рикан

мен Эден Шамир мергендік танытып, осылайша «Маккаби Тель-Авив» алға шықты.

Еске салсақ, Конференция кубогында бұдан бұрын «Шахтер» Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) және Украинаның «Колосын» (0:0,0:0, пенальтиден 3:1) орта жолда қалдырып кетті.

Енді екі команда Израильде 26 тамызда тағы бір ойын өткізеді.

Сондай-ақ, бүгін Алматының «Қайраты» сырт алаңда Люксембургтің «Фола» командасымен кездеседі . Ойын елорда уақытымен 23.30-да басталады.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай