Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» бірінші орынға көтерілді

2021 жылдың 21 қазан 2021 08:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күнінде жанкүйерлер F тобындағы «Манчестер Юнайтед» (Англия) және «Аталанта» (Италия) клубтарына назар аударды. Бұған дейін өткен екі турда ағылшындар бір жеңіске жетсе, бір жеңіліске ұшырады. Ал «Аталанта» екі ойында төрт ұпай жинап, турнир кестесінде көш басына шықты.

Кездесуді италиялық клуб белсенді бастады. Нәтижесінде олардың қатарынан Марио Пашалич 15, Мерих Демирал 28-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңнің 53-минутында ағылшындық клубтан Маркус Рашфорд есеп айырмасын қысқартты. Одан кейін Гарри Магуайр 75-минутта таразы басын теңестірсе, Криштиану Роналду 81-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Манчестер Юнайтед» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Сол арқылы өз тобында бірінші орынға көтерілді.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде «Янг Бойз» (Швейцария) өз алаңында Испанияның «Вильярреал» (Испания) командасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Өзге топтардағы ойын нәтижелері төмендегіше:

E тобы: «Барселона» (Испания) - «Динамо Киев» (Украина) 1:0

«Бенфика» (Португалия) - «Бавария» (Германия) 0:4

G тобы: «Зальцбург» (Австрия) - «Вольфсбург» (Германия) 3:1

«Лилль» (Франция) - «Севилья» (Испания) 0:0

H тобы: «Челси» (Англия) - «Мальме» (Швеция) 4:0

«Зенит» (Ресей) - «Ювентус» (Италия) 0:1

Енді 4-тур ойындары 2 және 3 қараша күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын А, В, C, D топтарында ойындар өткізілді.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай