Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» қарсыласын жеңіп жатыр

2021 жылдың 21 шілде 2021 21:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 21 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысындағы Алматының «Қайраты» мен Сербияның «Црвена Звезда» командасымен алғашқы ойынының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде қазақстандық клубтың басымдығы байқалып тұрды. Тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде қарсыластар қақпасында жиі бой көрсетті.

Ойынның 24-минутында «Қайрат» шабуылшысы Хосе Канте бұрыштамадан әуелете тепкен допты баспен қақпаға соғып кетті. Бұдан кейін екі команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.

Сербиялық клуб 1945 жылдың 4 наурызында құрылған. Сербияның 8 мәрте чемпионы атанған. Сондай-ақ, 7 мәрте күміс, 1 мәрте қола жүлдегер атанды. Кейінгі төрт жылда қатарынан чемпион атағына қол жеткізіп келеді.

«Қайрат» «Црвена Звезда» клубынан қос ойынның нәтижесінде жеңген жағдайда жарыстың үшінші сатысында «Алашкерт» (Армения) және «Шериф» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай