Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Учаскелік полиция суицид жасамақ болған тұрғынның өміріне араша түсті

2020 жылдың 11 наурыз 2020 21:03

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында суицид жасамақ болған ер адамды учаскелік полиция құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай 8 наурызда Целиноград ауданының Софиевка ауылында болған. Полиция қызметкерінің жақсылығы туралы өмірімен қоштаспақ болған ер адамның туыстары алғыс айтқан кезде ғана белгілі болды.

«Ауылдың учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рахат Жанасовқа 8 наурыз күні сағат 16:30 ауылдың 40 жастағы тұрғыны мас деген ақпарат түсті. Айтылған үйге барған ол есіктің жабық тұрғанына көреді. Жайсыздықты іші сезген ол есікті бұзып, үйдің ішіне кіреді», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшысы үйдің ішіндегі жылу батареясының жанында мойнына жіп байланған, ес-түссіз жатқан ер адамды көреді. Рахат Жанасов бірден оның мойнындағы жіпті шешіп, жедел медициналық көмек бригадасын шақырады.

«Қазіргі кезде ауыл тұрғыны туыстарының қарамағында, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Туыстары оның өміріне араша түскен тәртіп сақшысына алғысн білдіруде» - деп толықтырды ведомстводан.

Жоғары қарай