Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Учаскелік испекторлар темекі шегуге қатысты тыйым салу талаптарын бұзғандарға айыппұл салады

2021 жылдың 24 маусым 2021 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор Қанатбек Сафиновтің айтуынша, құжат әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Онда еңбек етушілердің құқықтарын қорғау, алауларда және стационарлық көздерде газ жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезіндегі кемсітушілік тәсілді жою, прокурордың қаулысын орындамағаны үшін жауапкершілік белгілеу ескерілген.

Өз кезегінде Сенат депутаты Андрей Лукин төрт әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жаза қолдану тұрғысында учаскелік инспекторға қосымша құқық беру ескерілгенін айтты.

Өз кезегінде Сенат депутаты Андрей Лукин төрт әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жаза қолдану тұрғысында учаскелік инспекторға қосымша құқық беру ескерілгенін айтты.

Бұл жазалар мыналарға қатысты:

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру;

- темекі өнімдерін шегуге қатысты тыйым салу талаптарын бұзу;

- әкімшілік бақылау ережесін бұзу;

- көлік құралының қозғалысына тосқауыл жасау.

«Қабылданған заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге арналып отыр. Құжатта азаматтардың еңбек құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау көзделген. Сонымен қатар, осы заң азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау үшін прокуратура және ішкі естер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. осы заңға бастамашы болған парламент депутаттарына алғыс білдіреміз», - деді Сенат төрағасы.


Жоғары қарай