Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰБТ мен сынама тестілеу балында нәтиже ауытқуы жоғары болғандар қатаң тексеріледі - Аймағамбетов

2021 жылдың 7 шілде 2021 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰБТ мен сынама тестілеу балдарында нәтиже ауытқуы жоғары талапкерлер қатаң тексеріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Жалпы, 145 мыңнан астам талапкер қатысып, оларға 2 рет тест тапсыру мүмкіндігі берілді. Менің ойымша, бұрын-соңғы болмаған, өте қолайлы жағдай жасалды деп айта аламыз. Тиімділік жағына келер болсақ, балалар үшін өте ыңғайлы формат болды. Бұған қоса, академиялық адалдық қағидаларын сақтау үшін де өте маңызды қадамға айналды. Енді тамыз айына дейін бейнекамералар бойынша зерделеу жасалып, егер тәуекелдер байқалатын болса, онда тиісті шешім қабылдауымыз керек. Өткен жылы да мұндай жұмысты алғаш рет жүргізген едік. Сонда біз бекітілген талаптарға сәйкес өзін ұстамағаны, ережелерді бұзғаны үшін біраз талапкердің нәтижесін жойдық. Мысалы, наурызда сынама тестілеу болды. Сол сынама тестілеу балдары мен ҰБТ тестілеудің балдарын салыстырып, 20 балдан көп ауытқу болса, онда нәтижелерінде осындай ауытқу бар барлық баланың бейнежазбаларын бөлек қараймыз. Үлкен зерттеу өткіземіз», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, сынама тестілеу мен ҰБТ-да 20 балл ауытқу болса, онда бұл тәуекелдің бар екендігін білдіреді.

«Сондықтан Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты тиісті шешім тамыз айында шығатын болады», - деді министр.


Жоғары қарай