Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰБТ: Қарағанды облысындағы ең жоғары - 137 балл

2021 жылдың 4 шілде 2021 18:15

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында бірінші цифрлық ҰБТ-ның аралық нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰБТ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында «U-FUTURE» ЖШС үш аймақтық орталығының базасында оффлайн режимінде өтті. Қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және әлеуметтік арақашықтық қамтамасыз етілді.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша 47 адамнан тыйым салынған заттар табылып, оларды өткізуге тыйым салынған. Тестілеудің өзінде ережені бұзғандықтан 39 адам сыныптардан шығарылды - олардың нәтижелері жойылды.

ҰБТ-ді ең жақсы тапсырған Қарағанды қаласының 61-мектебінің түлегі Әділсамат Абитаев болды. Ол 137 ұпай жинады.

415 «Алтын белгі» иегерлерінің ішінен 378-і тестілеуге қатысты, тоғыз түлек Назарбаев Университетіне ҰБТ тапсырмай оқуға түсті.

Биыл ҰБТ нәтижелерін күтудің қажеті болмады. Жиналған ұпай саны бірден экранға шығарылды. Тест тапсырушы дұрыс емес жауаптары бар сұрақтарды көрді. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда электронды түрде апелляциялық шағым беруге мүмкіндік болды.

ҰБТ-дің соңғы нәтижелері 25 тамызға дейін белгілі болады. Барлық бейнелер талданады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер жойылуы мүмкін.


Жоғары қарай