Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ҰБТ-да шпаргалкамен ұсталған түлектер тестілеуге жіберілмейді

2020 жылдың 28 мамыр 2020 12:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –ҰБТ кезінде қойылатын талаптар туралы қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҰБТ өткізуді арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылайтын болады. Артық ақпарат алуға болатын заттар, смартфондар, шпаргалкалар табылған жағдайда оқушы тестілеуден автоматы түрде алынады. Тіпті одан кейін ақылы түрде тапсыруға да рұқсат берілмейді», - деді департамент басшысы онлайн брифинг барысында.

Гүлнара Ермекбаева биыл Алматыда ҰБТ-ға 14 972 түлек қатысатынын айтты. Оның 9044-і мектеп түлектері болса, қалғаны – орта кәсіптік білім беру орындарының бітірушілері.

Ал мектеп бітіргені туралы аттестат 3-4 маусымда мектеп қабырғасында тапсырылады.

Департамент басшысы ата-аналарға балаларының қасына еріп келмеуге кеңес берді.

Қалада 545 оқушы Алтын белгіге үміткер.



Жоғары қарай