Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰБТ: Ақтөбеде ұялы телефонмен ұсталып, сынақтан қуылғандардың 86-сы қателігін қайталады

2020 жылдың 20 тамыз 2020 17:57

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ҰБТ өтті. Тағы 86 адам сынақтан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыз айының 17-20 күндері аралығында Ақтөбе қаласында тағы да ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Бұл жолғы сынаққа наурыз айындағы ақылы ҰБТ-ға тіркелгендер мен маусым айындағы ҰБТ-да нәтижесі жойылған, тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылғандар қатысты. Сынақ талапқа сай өтуі үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері бақылады.

«Ақтөбе облысы бойынша тестілеу емтиханына қатысуға 933 адам өтініш білдіріп, соның 759 келді. Оның ішінде 67 түлек емтиханға кірер алдында тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, шпаргалкалар т.б.) өзімен алып кіргені үшін және 21 емтихан кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылды. Нәтижесінде 671 ушы тапсырып шықты. Тестілеуді ұйымдастырушылар тарапынан кемшіліктер болған жоқ. Барлық санитарлық талап сақталған. Оның ішінде: дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды антисептикпен өңдеу, медициналық маскалармен қамтамасыз ету.





Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде түлектер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталды. Аудиториялар тек 35% дейін толтырылды. Аудиториялар бейнебақылау камераларымен және арнайы байланыс өшіргіштерімен жабдықталған», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.





Жоғары қарай