Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

ҰБТ: Ақтөбеде 140 оқушы сынақ залынан шығарылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:28

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ҰБТ-ның алғашқы кезеңі аяқталды. Үш күнде тыйым салынған затты сынақ залына алып кірген 140 оқушы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі 16-19 қаңтар аралығында өтті. Облыс бойынша 4500-ден астам оқушы қатысып, соның 140-ы аудиторияға тыйым салынған зат кіргізгені үшін залдан шығарылды.

«ҰБТ-ның бірінші кезеңі облыста 5 жерде өтті. Олар Комсомол ауылы, Шалқар, Қандыағаш, Хромтау және Ақтөбе қаласы. Сынақ талапқа сай өтуі үшін «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері қадағалады. Бақылаудың қорытындысы бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу залына кірер кезде 80 оқушыдан, аудиторияда 60 оқушыдан ұялы телефон, тест жауаптары бар қағаздар анықталды. Олар аудиториядан шығарылғанымен көктемгі сынаққа қатыса алады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.





Жоғары қарай