Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҰБТ: 1770 қарағандылық түлек шекті межені еңсере алмады

2020 жылдың 2 шілде 2020 22:08

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. 10 күнге созылған емтиханға Қарағанды облысынан 6 214 түлек қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастапқыда 6 431 талапкер өтініш берген болатын.

Тестілеуге әртүрлі себептермен 180 адам қатыса алмады. Оларға күзгі ағымда ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Биыл ең жоғары меже 140 баллдың 136-сын «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Жақан Әміржан жинады.

Ұлытау №1 орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Аяулым Танабаева 132 балл алды.

Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының орта мектебінің түлегі Әлихан Жаманхан 131 балл жинады.

«Жалпы, Қарағанды облысында 410 түлек 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 1 770 түлек шекті деңгейден өте алмады.

Биыл ҰБТ-ға қатысқандардың 1 266-сы – колледж түлектері және өткен жылдары мектепті бітіргендер.

СOVID-19 пандемиясына байланысты барлық 15 тест тапсыру пунктінде санитарлық тәртіп күшейтілді. Дезинфекциялық тоннельдер, кілемшелер, тепловизорлар, санитайзерлер орнатылды, түлектерді медициналық маскалармен қамтамасыз етті.

Тестілеу пункттерінің жанында жедел жәрдем бригадалары, медицина қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етті», - деді облыс әкімдігінен.

Биыл Қазақстан бойынша ҰБТ тапсыруға 131 754 өтініш тіркелді. Оның 92,1% тестілеуге қатысты. Шекті балды 82 154 адам жинады.




Жоғары қарай